01
февраль 2021
Оқушылармен кездесу
27 қаңтарда Ақтөбе ЖИТС ОО дәрігер эпидемиологы С.Жулмагамбетова №49 жалпы орта мектебі оқушыларымен АИТВ-жұқпасының алдын алу тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Барлығы 15 оқушы қатысты.