Оқыту тәжірибелік семинары
1 ақпан күні ЖИТС ОО - да №1 қалалық емхананың мамандарымен "АИТВ-ға жедел-тестілерді қою сапасын бақылау" тақырыбында оқыту тәжірибелік семинары өтті. Жедел тестілеуді (ЖТ) зертханашы г.Исмаилова, дәрігер эпидемиолог А. Артыкбаева және СБ медбикесі Г. Казигулова жүргізді. Бағдарламаға сәйкес келесі сұрақтар қамтылды: АИТВ-ға ЖТ қолдану саласындағы НҚА, экспресс тестілеу сайттарындағы биоқауіпсіздік шаралары, саусақтан қан алу техникасы және капиллярлық, жаңа алынған қан, сарысу және плазма көмегімен АИТВ-ға экспресс-тест қою, нәтижелерді есепке алу. Сондай - ақ, ЖТ жүргізу барысында қатысушыларды қызықтырған мынадай мәселелер талқыланды: ЖТ зерттеулерінің жалған-оң және жалған-теріс нәтижелерінің себептері, жарамдылық мерзімі және ЖТ сақтау шарттары.