Мамандардың сұхбаты
5 ақпанда Ақтөбе ЖИТС орталығының мамандары алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Жайлаубаева, дәрігер эпидемиолог А. Артықбаева және АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдармен жұмыс істейтін аутрич-қызметкерлер "Хабар" және "ТДК-42"республикалық телеарналарына сұхбат берді.
Өз сұхбатында ЖИТС орталығының мамандары 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріп, мінез-құлқы қатерлі адамдар арасында АИТВ-ның алдын алу саласындағы жаңалықтар туралы айтып берді.
- "2021 жылдан бастап Ақтөбеде АИТВ жұқтыру қаупі жоғары адамдар сілекейдің көмегімен АИТВ-ға жедел-әдіспен тексеріле алады. АИТВ-ға арналған жедел тесттің ерекшелігі - тестілеу кезінде қызыл иек айналасындағы сұйықтық қолданылады, қан анализін жүргізудің қажеті жоқ. Нәтижені 20 минут ішінде білуге болады. Осы мақсатта біздің орталықтың қызметкерлері аутрич-қызметкерлерді оқытады, олар алдағы уақытта далалық жағдайда негізгі топтарды өз бетінше тексере алады", - деп атап өтті А.Жайлаубаева өз сұхбатында.