Берлин пациенті
Тимоти Рэй Браун немесе "Берлин пациенті" атымен әйгілі АИТВ-позитивті пациент, 2007 жылы сүйек кемігін трансплантациялау процедурасынан өтті. Донорда АИТВ-ға иммунитетті тудыратын сирек генетикалық өзгеріс (CCR5 гені) болды. Кәдімгі CCR5 гені АИТВ вирусының басқа жасушаларды жұқтыруына мүмкіндік береді. Бірақ егер ген мутацияланған болса, онда ол вирустың таралуына жол бермейді.
Сүйек кемігін трансплантациялағаннан кейін Браунның қанындағы АИТВ анықталмайтын деңгейге дейін төмендеді. Бұл жағдайда емделді деп айтуға болады. 2007 жылы қойылған лейкемияның белгілері де бірнеше жыл бойы байқалмады.
Тимоти Браун өткен медициналық процедура жоғары қауіпке ие және ең алдымен онкологиялық науқастар үшін қолданылады.
Бірақ 2019 жылы ауру қайталанды және метастаздар ми мен омыртқаға таралды. Тимоти Рэй Браун Калифорния штатының Палм-Спрингс қаласындағы хосписте қайтыс болды. Ол 54 жаста еді.