12
февраль 2021
АИТВ тарихы
1985 ж. АҚШ пен Жапонияда донорлық қан мен қан өнімдерін АИТВ-ға тексеруді бастады. Атланта қаласында (АҚШ) ЖИТС бойынша бірінші халықаралық конференция өтті. Нью-Йоркте драматург Ларри Крамердің "Қалыпты жүрек" пьесасының тұсаукесері өтті. Бұл ЖИТС-ке арналған алғашқы театрлық қойылым. АҚШ-та бір жыл ішінде 6 972 адам ЖИТС-тен қайтыс болды. Олардың арасында әйгілі кино актер, Американың кумирі Рок Хадсонда бар.