Нарколог-дәрігерлерге арналған семинар
17 ақпан күні Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында нарколог- дәрігерлерге арналған «Бекітілген ережелерге сәйкес есірткі қолданушылар АИТВ-инфекциясына тексеру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға қалалық және облыстық емханалардың учаскелік нарколог дәрігерлері, Облыстық психикалық денсаулық орталығы өкілдері қатысты. «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары» № 211 бұйрығы бойынша ЖИТС ОО эпидемиолог дәрігері С.Муртазин және «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 137 бұйрығы бойынша эпидемиолог А. Артықбаева баяндама жасады. Семинарға қатысушыларды АИТВ-инфекциясының облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайымен және ИЕТ арасында «Зиянды азайту» бағдарламасымен таныстырды. Қорытынды бөлімде мамандар семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Семинарға барлығы 10 медицина қызметкері қатысты.