16 наурызда облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Жулмагамбетова Сандуғаш Хромтау қаласының №4 орта мектебінің оқушыларымен және Тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясы, оның берілу жолдары, АИТВ-инфекциясына байланысты стигма мен кемсітушілік туралы хабардар етті. Спикер қатысушыларды Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді.